Жаңалық

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «Е-МАКЕТ» ЖҮЙЕСІ АРҚЫЛЫ 300 МЫҢНАН АСТАМ ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ ТАҒАЙЫНДАЛҒАН
Түркістан облысында 780 414 зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақы алушы бар. Оның ішінде, 207 386 азамат жасына байланысты зейнетақы алушы болса, 190 348-і базалық зейнетақы алушы және 382 680 азамат жәрдемақы алады. Бұл туралы Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысы Бегман Нұрмаханов БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.
«Департамент тарапынан 2025 жылы әлеуметтік қорғау саласы бойынша 183 520 мемлекеттік қызмет көрсетілді. «Е-макет» жүйесі арқылы барлық тағайындалған әлеуметтік төлемдер саны – 332 352. Оның 149 020-ы жаңадан тағайындалғандар, ал 183 332-і қайта қаралып бекітілгендер. Түркістан облысы бойынша 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы және жәрдемақыларды арттыру жұмыстары толық жүргізіліп, төлемге жолданды. Жасына байланысты зейнетақы 10%-ға көбейді, ал базалық зейнетақы төлемі күнкөріс деңгейінің жаңа мөлшеріне байланысты көбейді» – деді спикер.
Сонымен қатар, Бегман Жамалбекұлы өткен жылы облыс бойынша мүгедектігі бар адамдардың саны 102 931-ге жеткендігін айтты. Бұл республика бойынша жалпы мүгедектер санының 13,7%-ын құрайды. Мүгедектігі бар адамдардың жалпы санының 15 559-ы (15,2%) – балалар болса, қалғаны 87 372-і (84,8%) – 18 жастан асқан ересектер. Сондай-ақ, 7 089 адам алғашқы рет мүгедек болып танылған. Департамент тарапынан халықты әлеуметтік қорғау саласындағы заңнамалардың сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу жұмыстары да жалғасып келеді. Бұл бағыт бойынша бүгінгі таңға дейін 114 тексеру жүргізілген. Тексеру қорытындысымен жалпы 64 нысанға 11 млн 911,3 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынып, оның 10 млн 911,3 мың теңгесі өндірілген.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
__________
В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ЧЕРЕЗ СИСТЕМУ “Е-МАКЕТ” НАЗНАЧЕНО БОЛЕЕ 300 ТЫСЯЧ СОЦИАЛЬНЫХ ВЫПЛАТ
В Туркестанской области проживают 780 414 получателей пенсий и социальных пособий. Из них 207 386 граждан являются получателями пенсий по возрасту, 190 348 – базовой пенсии и 382 680 – пособий. Об этом сообщил руководитель Департамента Комитета по регулированию и контролю в сфере социальной защиты населения по Туркестанской области Бегман Нурмаханов на брифинге с представителями СМИ.
“Департаментом в 2025 году оказано 183 520 государственных услуг в сфере социальной защиты населения. Количество всех назначенных социальных выплат через систему “Е-макет” – 332 352, из них 149 020 вновь назначенных, а 183 332 пересмотренных и утвержденных. По Туркестанской области с 1 января 2026 года полностью проведена работа по повышению пенсий и пособий, направлены на выплату. Пенсия по возрасту увеличилась на 10%, а базовая пенсионная выплата увеличилась в связи с новым размером прожиточного минимума”, – пояснил спикер.
Кроме того, Бегман Жамалбекулы отметил, что в прошлом году количество людей с инвалидностью по области достигло 102 931. Это составляет 13,7% от общего числа инвалидов по Республике. Из общего числа лиц с инвалидностью 15 559 (15,2%) – дети, остальные 87 372 (84,8%) – лица старше 18 лет. Также впервые инвалидами признаны 7 089 человек. Департаментом продолжается работа по проведению государственного контроля за соблюдением законодательства в области социальной защиты населения. По данному направлению на сегодняшний день проведено 114 проверок. По итогам проверки на 64 объекта наложен административный штраф в размере 11 млн 911,3 тыс. тенге, из которых взыскано 10 млн 911,3 тыс. тенге.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1167042?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді