🔰 АСТАНА: МИНИСТРЛІК ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТТЫ ЖЕТІЛДІРУ БОЙЫНША МІНДЕТТЕРДІ БЕЛГІЛЕДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
🔹️ Бүгін, Астана қаласында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті.
 
🔹️ Іс-шараға Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев, Парламент депутаттары, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері, министрлікке қарасты ұйымдардың басшылары, сондай-ақ әлеуметтік серіктестер қатысты.
 
🔹️ Кеңейтілген отырыс барысында ведомствоның өткен кезеңдегі қызметінің қорытындылары шығарылып, халықты әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту, еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік қолдау шараларын жетілдіру бағытындағы өзекті мәселелер талқыланды.
 
🔹️ Отырыста ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев баяндама жасап, ведомство жұмысының нәтижелерін қорытындылап, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттерді белгіледі.
 
🔹️ Сонымен қатар алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалып, саланы одан әрі дамытуға қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1168637?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді