20 ақпанда Жамбыл ауданында «Север-2026» облыстық мерекесі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Осы күні ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жарысқа қатысушылармен ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.

Іс-шара барысында қатысушыларға:

– жалған діни және радикалды ағымдардың материалдарын тарататын интернет-ресурстардың қауіптілігі туралы;

– деструктивті діни ұйымдарға тартылудың белгілері туралы;

– террорлық акт қаупі туындаған жағдайда әрекет ету тәртібі мен жеке қауіпсіздік шаралары туралы түсіндірілді.

Сондай-ақ қатысушыларға интернет кеңістігінде мұқият болу, тексерілмеген ақпаратты таратпау және күмәнді материалдар анықталған жағдайда құзырлы органдарға жүгіну қажеттігі ескертілді.

Мұндай кездесулер қоғамдық келісімді нығайтуға және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ovp-zhambyl/press/news/details/1169087?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді