
Абай облысы білім басқармасы Аягөз ауданы білім бөлімінің “С.Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі” КММ қабырғасында Аягөз ауданы білім бөлімінің басшысы Н.Т. Азимбаев 7–11 сынып оқушыларымен мазмұнды әрі ашық форматта кездесу өткізді.
Кездесу барысында:
Кітап оқудың тұлғалық даму мен табысқа жетудегі рөлі,
Абай Құнанбайұлы қара сөздері мен поэмаларын оқу арқылы ой-өрісті кеңейту, ұлттық құндылықтарды бойға сіңіру,
Мамандық таңдауда қателеспеу, қабілет пен қызығушылықты ескеру, болашаққа нақты мақсат қою мәселелері кеңінен қозғалды.
Басшы өз өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, табысқа жетудің басты формуласы – еңбек, ізденіс және тәртіп екенін атап өтті. Оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды. Бұл кездесу жас жеткіншектерге үлкен мотивация беріп, рухани серпіліс сыйлады.
Кітап – білімнің қайнар көзі,
Абай – ұлт руханиятының темірқазығы,
Саналы таңдау – жарқын болашақтың бастауы!
Осындай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың білімге деген қызығушылығын арттырып, ел болашағына сенімді қадам жасауына жол ашады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/1168632?lang=kk

Жауап қалдыру