Абай рухында: Талдықорған студенттерімен заң және жауапкершілік туралы диалог

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Талдықорған қаласындағы Агро-техникалық колледжінде жастармен мазмұнды әрі тағылымды кездесу өтті. Жетісу облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Мадияр Омаров студенттерге заң құндылықтары, жеке жауапкершілік және қылмыстық әрекеттерге тартылудың қауіптілігі туралы ашық дәріс өткізді.

Өмірлік және қызметтік тәжірибесі мол спикер әңгімесін ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының білімге ұмтылу мен үздіксіз өзін-өзі жетілдіру туралы даналық сөздерінен бастады. Бұл нақыл бүкіл кездесудің мазмұнына бағыт-бағдар беріп, жастарға білім алу тек мамандық игеру ғана емес, сонымен қатар рухани кемелденудің негізі екенін еске салды.

Дәрістің негізгі арқауы «Заң және тәртіп» қағидатына арналды. Спикер заңды сақтау – әрбір азаматтың міндеті екенін, ал тәртіп ең алдымен отбасынан басталатынын атап өтті. Баланың бойына үлкенге құрмет, адалдық, тәртіптілік және өз ісіне жауапкершілік сияқты қасиеттерді ең алдымен ата-ана сіңіреді.

«Заң – жай ғана ережелер жиынтығы емес. Ол – мемлекеттің тұрақтылығының негізі. Ал тәртіп отбасыдан, ата-ананың балаға ерте жастан дарытатын құндылықтарынан басталады», – деді Мадияр Омаров.

Кездесу барысында жастардың қылмыстық әрекеттерге тартылу тәуекелдеріне ерекше назар аударылды. Студенттерге күмәнді ұсыныстарға ермеудің, цифрлық ортада сақ болудың және әрбір шешімнің салдарын терең түсінудің маңызы түсіндірілді.

Жиын соңында құқық қорғау органдары академияларына оқуға түсу мүмкіндіктері, қызметтің болашағы мен полиция мамандығының қоғамдағы маңызы туралы ақпарат берілді. Болашақ түлектерге үміткерлерге қойылатын талаптар, даярлау бағыттары және мансаптық мүмкіндіктер жан-жақты түсіндірілді.

#законипорядок #заңментәртіп

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1169456?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді