Астанада корпоративтік волонтерлікті дамыту мәселесі талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Елордада Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, азаматтық сектор және «Шеврон» компаниясының өкілдері қатысқан корпоративтік волонтерлікті дамыту және бірлескен әлеуметтік бастамаларды іске асыру мәселелеріне арналған кездесу өтті.

Отырыстың негізгі тақырыбы компанияның корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік бағдарламалары болды. Соның ішінде төтенше жағдайлар кезінде педагогтер мен оқушылар арасында қауіпсіз орта мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Saq» жобасына ерекше назар аударылды.

Қатысушыларға әлеуметтік компонентті корпоративтік қызметке біріктіру үлгісі, бизнесті волонтерлік бастамаларды дамытуға тарту мәселелері таныстырылды.

Кездесу барысында қолданыстағы жобалардың қорытындысы жасалып, 2026 жылға арналған басымдықтар айқындалды. Олардың қатарында бағдарламаларды ауқымдау, саналы волонтерлік мәдениетін дамыту және «мемлекет – бизнес – ҮЕҰ» әріптестігін нығайту бар.

Кездесу қорытындысы бойынша корпоративтік волонтерлікті қоғамдық маңызы бар міндеттерді шешудің тиімді құралы ретінде дамыту бойынша нақты шаралар белгіленді.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1169398?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді