АУДАН ӘКІМІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА…

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың қатысуымен ауданда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, жасөспірімдердің түнгі уақытта заңсыз жүруінің алдын алу, сондай-ақ жастар арасында құқықбұзушылыққа жол бермеу мақсатында арнайы рейдтік іс-шара ұйымдастырылуда.
🔸Аталған рейдке құқық қорғау органдарының өкілдері, мектеп директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, ерікті жастардан құралған кезекші топтар тартылып, жауапты аумақтарға бекітілді.
🔸Шара барысында қоғамдық орындар, мейрамханалар мен ойын-сауық орталықтары бақылауға алынып, кәмелетке толмаған жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
🔸Аудан әкімі бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтіп, жүйелі түрде жалғастыруды және қоғамдық тәртіпке ерекше мән беруді жауапты сала жетекшілеріне қатаң тапсырды.
❗️Айта кетейік, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22:00-ден таңғы сағат 06:00-ге дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы – заңды өкілдеріне үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеліп соғады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhalagash-district/press/news/details/1169251?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді