Аудандық Мәслихаттың жиырма алтыншы сессиясының отырысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда
         Бүгін Е.Махмутовтың төрағалық етуімен Мәслихаттың XXVI сессиясы өтті.
Сессия жұмысына аудан депутаттарымен қатар аудан әкімі Ғ. Ниязов, аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ аудан әкімдігінің дербес бөлімдері мен мекеме басшылары қатысты.
Күн тәртібінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер ететін бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда:
▪️ Ауданның су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу мен электр желілерін және басқа да көліктік, инженерлік инфрақұрылымдар объектілерін, байланыс желілерін салуды және пайдалануды ұйымдастырудағы аудандық атқарушы органдардың жұмыстары туралы
▪️ 2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
▪️ 2026–2030 жылдарға арналған ауданның даму жоспарына қатысты шешімдер;
▪️ құқық бұзушылықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, кәмелетке толмағандар ісі және жастар саясаты бағытындағы комиссиялар мен кеңестердің құрамына өзгерістер енгізу мәселелері.
           Сессия барысында көтерілген барлық мәселелер жан-жақты талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mangystau-audany/press/news/details/1169145?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді