Ауыл шаруашылығы жануарларын микрочиптеу арқылы электрондық бірдейлендіру!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ауыл шаруашылығы жануарларының басын есепке алуды оңайлату және шаруашылықтардағы қауіпсіздікті арттыру мақсатында ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларының 9-тармағына сәйкес жануарларды бірдейлендірудің қосымша электрондық тәсілін пайдалануға рұқсат етіледі.

Ең ыңғайлы және заманауи әдістердің бірі-электронды микрочипті имплантациялау. Әрбір чипте бірегей нөмір бар, оған мыналар кіреді: ел және аймақ коды, жануар түрі, жеке нөмір.

Деректерді оқу құрылғының қуатына және чиптің өлшеміне байланысты 12-ден 45 сантиметрге дейінгі аралықта арнайы сканермен жүзеге асырылады.

Электрондық бірдейлендірудің көптеген артықшылықтары бар:

  • процедура жылдам және қауіпсіз;
  • бірдейлендіру нөмірі жоғалмайды және жойылмайды;
  • қосымша күтім қажет емес;
  • шаруашылық ішіндегі малдың есебін жүргізу ыңғайлы;

ұрлық немесе жол-көлік оқиғалары кезінде жануардың иесін тез анықтауға болады.

«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының  Заңының 35-бабы 2-тармағының 6-тармақшасына сәйкес электрондық бірдейлендіру үшін бұйымдар мен құралдарды сатып алу жануарлар иелерінің есебінен жүзеге асырылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-veterinariya/press/news/details/1169442?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді