
Бекітілген кестеге сәйкес, Балқаш қаласының аумақтық референдум комиссиясы 23–25 ақпан аралығында 35 учаскелік референдум комиссиясының төрағаларына арналған «Республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізудің өзекті мәселелері» тақырыбында оқыту семинарларын өткізді.
Оқыту барысында комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру мәселелері, сайлау процесі талаптарын сақтау, дауыс беру рәсімінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету, сондай-ақ референдумды дайындау және өткізу кезеңіндегі комиссия мүшелерінің жауапкершілігі қарастырылды.
Семинар барысында стандарттан тыс жағдайлар бойынша кейстер талданып, төрағалар оларды шешу тәжірибесімен бөлісті. Қатысушылар қойылған сұрақтарына жан-жақты жауап алды.
Сонымен қатар, семинарларға төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері қатысып, референдум учаскелерінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау талаптарымен таныстырды.
Бұдан әрі төрағаларға ағымдағы жылдың 28 ақпанына дейін комиссияның өзге мүшелерімен оқыту семинарларын өткізу тапсырылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-balkhash/press/news/details/1169424?lang=kk

Жауап қалдыру