
Бүгін облыс әкімі Берік Уәли «Paradigm Shift» компаниясының өкілдерімен кездесті. Кездесуде білім саласына арналған «Qazaq Digital Mektebi» жобасын өңірде іске асыру мәселелері талқыланды.
Кездесу барысында компания өкілдері жобаның негізгі бағыттарын, жасанды интеллектке негізделген білім беру платформасының мүмкіндіктерін таныстырды. Ұсынылған жүйе оқу процесін басқарудың базалық құралдарын, цифрлық оқулықтарды, оқушы мен мұғалімге арналған AI-ассистенттерді, оқу сапасын бақылау механизмдерін және білім беру контентінің маркетплейсін қамтиды. «Paradigm Shift» компаниясының басқарушы директоры Алмас Өтегулов өңірдің білім саласындағы әлеуеті жоғары екеніне тоқталып, жобаны облыстағы шағын жинақты мектептерде жүзеге асырғысы келетінін жеткізді.
АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-digital/press/news/details/1169341?lang=kk

Жауап қалдыру