БРИФИНГ: Азаматтық қорғаныс күні, «Көктем-2026» РКШОЖ туралы  

Жарияланды:

Автор:

категорияда

          Бүгін Қызылорда облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз-мәслихаты өткізілді.

          Тақырыбы: «1-наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні және «Көктем-2026» РКШОЖ жөнінде».

          Спикерлер: Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары, полковник Бекболат Әбдіқадыров, Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы, майор Жандос Жүгінісов.

        Б. Әбдіқадыров: «Азаматтық қорғаныс күнінің тарихына тоқталсақ, 1972 жылы 1        наурызда Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымы құрылған. Осы күннен бастап      азаматтық қорғаныс саласы дамып, мемлекеттердің төтенше жағдайларға бірлесіп           қарсы тұруының негізі қаланды.

        Биылғы жылы Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні «Тұрақты және қауіпсіз      болашақ үшін экологиялық тәуекелдерді басқару» айдарымен өтететін болады».

Ж. Жүгінісов: «2026 жылғы 25-27 ақпанда облыс аумағында «Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу–жаттығуы өткізілетін болады. Оқу-жаттығудың республикалық штабы Астана қаласында, облыстық штабы және  практикалық кезеңі Қызылорда қаласында өткізіледі.

Сонымен қатар, Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Дағдарыс орталығында республикалық штабпен ақпарат алмасу үшін жедел штаб құрылады.  25 ақпанда Қызылорда облысының азаматтық қорғау қызметтерінің күш-құралдарына саптық қарау жүргізіледі. 26 ақпанда Қызылорда қаласы Талсуат елді мекенінде практикалық іс-шара пысықталатын болады. Қорытынды жиын 27 ақпанда Дағдарыс орталығында өткізіледі деп жоспарлануда».

Брифингтің соңында журналистердің қойған сұрақтарына да жауап берілді.

Қызылорда облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kyzylorda/press/news/details/1168613?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді