Бурабай ауданының прокуратурасы уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, Щучинск қаласындағы аудандық Мәдениет үйінде «Құқықтық дәріхана» акциясын өткізді.
Іс-шара барысында халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында азаматтарды қабылдау ұйымдастырылып, әлеуметтік төлемдер мен мемлекеттік қолдау шаралары, еңбек даулары және өзге де әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша тегін құқықтық консультациялар берілді. Жекелеген өтініштер бойынша қолданыстағы заңнама нормалары түсіндіріліп, құзыретті органдарға жүгіну тәртібін қоса алғанда, алдағы әрекеттер алгоритмі айқындалды.
Сонымен қатар, тұрғындарды құқықтық ақпараттандыру, қолданыстағы заңнаманы және мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін түсіндіру, сондай-ақ криминогендік жағдай мен қоғамдық-саяси ахуалға әсер ететін өзекті проблемалық мәселелерді анықтау мақсатында ауданның ауылдық елді мекендеріне мобильді топтардың көшпелі кездесулері ұйымдастырылды.
Акцияны өткізудің басты мақсаты – құқық қорғау органдары қызметінің ашықтығы мен қолжетімділігі қағидаттарын нығайту, сондай-ақ азаматтарды толғандыратын өзекті мәселелерді жедел шешу болып табылады.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1169123?lang=kk

Жауап қалдыру