«Еңбек шартын жасасыңыз!» іс-шарасы өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 24 ақпан күні «Еңбек шартын жасаңыздар!» шарасы аясында Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторлары кезекті шағын бизнес саласындағы жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесулер кәсіпкерлік субъектілері шоғырланған негізгі орындарда өткізілді, онда «еңбек шартынсыз жұмыс жасайтын» жалдамалы қызметкерлерді заңдастыру бойынша іс-шаралар талқыланды және еңбек мәдениетін арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесу қорытындысы бойынша азаматтарға және кәсіпкерлік субъектілеріне еңбек қатынастарын заңдастыру бойынша жадынамалар таратылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-enbek/press/news/details/1168626?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді