
Бүгін ҚР Сенатының депутаттары Бекболат Орынбеков пен Сәкен Арубаев «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының аясында Сарысу ауданы жұмыс сапарымен болды. Жұмыс сапары барысында халық қалаулыларымен бірге аудан әкімінің орынбасары Ж. Сақыпбеков кездесулерге қатысты.
Республикалық штаб мүшелері «Еврохим» кәсіпорны ұжымымен мазмұнды кездесу өткізіп, Жаңа Конституция жобасының мән-маңызы мен ел болашағы үшін стратегиялық рөлін кеңінен түсіндірді. Кездесу барысында Ата заңға енгізілетін өзгерістердің негізгі бағыттары, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктері және әділетті қоғам құрудағы басымдықтар жан-жақты айтылды.
Іссапар одан әрі аудандық білім бөлімінде жалғасын тапты. Мұнда штаб мүшелері білім беру ұйымдарының қызметкерлерімен жүздесіп, құжаттағы маңызды жаңашылдықтарға тоқталды. Еркін пікір алмасу алаңына айналған кездесуде ұстаздар қауымы өз ойларын ортаға салып, ел дамуының жаңа кезеңіне сенім білдірді.
Жаңа Конституция – бұл тек заңдық құжат қана емес, бұл – халық үніне құлақ асатын, әділеттілік пен жауапкершілікке негізделген Жаңа Қазақстанның берік іргетасы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sarysu/press/news/details/1169520?lang=kk

Жауап қалдыру