
2026 жылдың 25 ақпан күні мәслихат төрағасы А.Рамазановтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезекті XLVIII сессиясы өтті.
Сессия отырысына аудан әкімінің орынбасары А.Сансызбаев, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Ж.Дауталиев, аудандық мәслихат депутаттары мен тиісті бөлім басшылары, кент және округ әкімдері, БАҚ өкілі қатысты.
Сессияның күн тәртібінде:
1) Аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалысы туралы аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы А.Үсенқызының, 2) Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалысы туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А.Ж. Серікқалиеваның, 3) 2026 жылға арналған Индер ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау көрсету туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Ә. Қонасованың баяндамалары тыңдалды.
Сонымен қатар сессияда Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының 2026 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне ұсыныс енгізу туралы, «Индер аудандық округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» Индер аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №171-VII шешіміне өзгеріс енгізу туралы, «Индер аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» Индер аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №62-VIIІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан кейбір азаматтарды Индер ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы аудандық мәслихат аппаратының басшысы Г.М.Қабиеваның, «Индер ауданы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының құрамын бекіту туралы» Индер аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 мамырдағы №13-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ж.Б.Тілепқалиеваның
хабарламалары тыңдалып, тиісті шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-inder-district/press/news/details/1169376?lang=kk

Жауап қалдыру