
2026 жылғы 2 наурыздан бастап Ережелерге енгізілген өзгерістерге сәйкес Отбасы банк тұрғын үйді тек түгендеуден өткеннен кейін ғана бөлетін болады. Осы сәттен бастап түгендеу тұрғын үйді бөлу алдындағы алғашқы және міндетті кезеңге айналады. Тұрғын үй кезегінде тұрған барлық азаматтар orken.otbasybank.kz порталы арқылы түгендеуден өтуі қажет. Егер кезекте тұрған азамат түгендеуден өтпесе, ол кезектен шығарылмайды. Алайда ол тұрғын үйді бөлу процесіне қатыса алмайды, тіпті кезекте ұзақ уақыт тұрған болса да. Азамат түгендеуден өткенге дейін Банк оған жалдамалы тұрғын үйді бөле алмайды немесе пәтер сатып алу үшін жеңілдетілген несие бере алмайды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1169461?lang=kk

Жауап қалдыру