
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департаменті (бұдан әрі – Департамент) қызметкерлерімен «Клиникалық практикаға жіберу үшін шетелдік маманға сертификат беру» тақырыбында Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасына қарасты барлық медициналық ұйымдар мен жеке медициналық клиникалардың қызметкерлеріне онлайн форматта семинар өткізілді.
Семинар барысында шетелдік мамандарға клиникалық практикаға жіберу үшін сертификат беру тәртібі, қажетті құжаттар тізбесі, өтініш беру кезеңдері, сондай-ақ заңнама талаптары түсіндірілді. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар беріліп, практикалық ұсынымдар ұсынылды.
Аталған іс-шара медициналық қызмет сапасын арттыруға, қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер талаптарын дұрыс қолдануға және шетелдік мамандарды тарту рәсімдерін жүйелеуге бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-kyzylorda/press/news/details/1169397?lang=kk

Жауап қалдыру