Конституциялық Соттың төрағасы мен Еуропалық Одақ Елшісі ынтымақтастық бағыттарын талқылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Телеграмм КС – https://t.me/consot_kz

 

Конституциялық Соттың төрағасы Эльвира Азимова Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ Елшісі Алешка Симкичпен кездесті. Кездесуге Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов қатысты.

Кездесу қатысушылары болашақ ынтымақтастық және Еуропалық Одаққа мүше елдердің конституциялық соттарымен тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, қатысушыларға Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның жұмыс нәтижелері туралы ақпарат берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1168879?lang=kk