Lesson Study-ге жаңаша көзқарас: Оқу үдерісінің нәтижелілігін арттыру әдісі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Алматы қаласы Білім басқармасының Әдістемелік орталығы №33 мектеп-лицей базасында білім беру ұйымдарының ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі директор орынбасарларына және кадр резервіне енген педагогтерге «Lesson Study-ге жаңаша көзқарас: Оқу үдерісінің нәтижелілігін арттыру әдісі» тақырыбында семинар-практикум өткізді.

Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін Lesson Study (сабақты зерттеу) әдісі арқылы дамыту және оқушылардың білім сапасын арттырудың тиімді жолдарын көрсету мақсаты көзделді.

Семинардың практикалық бөлімінде тарих, жаратылыстану, ағылшын тілі және математика пәндері бойынша бірегей шеберлік сыныптары ұйымдастырылып, әдістемелік жұмысты жандандыратын үздік педагогикалық кейстер ұсынылды.

Сонымен қатар, орынбасарлардың басқарушылық және көшбасшылық құзыреттерін дамытуға бағытталған арнайы кейс-тренинг өткізілді.

Жиын соңында қатысушыларға мектептегі әдістемелік жұмыс деңгейін қалыптастыруға, өзіндік талдау жасауға және мұғалімдер қызметін мониторингілеуге арналған чек-парақшалар таратылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-edu/press/news/details/1169420?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді