Қазақстанда 2026 жылы 11 мың шақырымнан астамында әртүрлі жол жұмыстары жүргізіледі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылы Қазақстанда автомобиль жолдарының 11 мың шақырымнан астамы жол жұмыстарының барлық түрлерімен қамтылмақ. Бұл туралы Көлік министрлігінің алқа отырысында вице-министр Максат Қалиақпаров мәлімдеді.

Жол-құрылыс маусымы аясында республикалық маңызы бар жолдардың 8,9 мың шақырымы және жергілікті жол желісінің 2,3 мың шақырымы құрылыс, реконструкция және жөндеу жұмыстарымен қамтылады. Соның ішінде 3,5 мың шақырым жолдағы жаңа құрылыс және қайта жаңарту нысандарын аяқтау жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, республикалық маңызы бар жолдарды орташа жөндеу бағдарламасы аясында биыл шамамен 2 мың шақырым жолды аяқтау көзделген.

Шығыс Қазақстан облысында Осинов асуындағы жұмыстарды аяқтау, Солтүстік Қазақстан облысында Петропавл – Қорған автожолын қайта жаңарту жолын пайдалануға беру жоспарланып отыр.

2026 жылдың қорытындысы бойынша республикалық жолдардың 95 пайызы, ал жергілікті жолдардың 92 пайызы нормативтік стандарттарға сай болады деп жоспарлануда.

Вице-министр құрылыс және қайта жаңарту жобаларына да жеке тоқталды. 2026 жылы олардың жалпы қамту көлемі 3,4 мың шақырымды құрайды.

«Биыл саланы дамытудың үш жылдық жоспарында көзделген транзиттік бағыттарды жаңғырту бойынша жаңа жобаларды іске асыру басталады. Қаржыландыру тарту арқылы барлық жұмыстар «кілт тапсыру» принципі бойынша жүргізіледі. Бұл кешенді тәсілді қамтамасыз етіп, белгіленген мерзімдердің сақталуына мүмкіндік береді», — деді Максат Қалиақпаров.

Атап айтқанда, Қызылорда – Ақтөбе бағыты бойынша жолды төрт жолақты етіп кеңейте отырып қайта жаңарту жұмыстары басталады. Қарағанды – Жезқазған жобасы бойынша техникалық-экономикалық негіздеме бекітіліп, құрылыс-монтаж жұмыстары екінші жартыжылдықта басталмақ.

Ұзындығы 559 шақырым болатын Бейнеу – Сексеуіл жобасы тасымал қашықтығын 900 шақырымға қысқартып, жол жүру уақытын үш тәулікке дейін азайтуға мүмкіндік береді. Вице-министрдің айтуынша, жоба бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған.

Ұзындығы 102 шақырым болатын Сарыағаш қаласының айналма жолы жобасы бойынша отандық компаниялар арасынан мердігер ұйымдар анықталған.

Сонымен қатар, спикер ақылы жол учаскелерін дамыту, жол бойындағы сервис нысандары желісін кеңейту, жұмыстар сапасын арттыру, ғылымды және бұл саланы цифрландыруды дамыту бағытындағы алдағы жоспарлармен бөлісті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/1169434?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді