
Маңғыстау ауданы
«Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Маңғыстау ауданы аумағында қоғамдық көліктерге кешенді тексеру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға Маңғыстау ауданы полиция бөлімінің бастығының орынбасары, полиция майоры Б. Берікбаев және Маңғыстау облысы көлікті бақылау инспекциясы қызметкерлері қатысты.
Тексеру барысында аудан аумағында жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көліктердің техникалық жай-күйі, жүргізушілердің құжаттарының толықтығы, жол қозғалысы ережелерін сақтау деңгейі, сондай-ақ жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптары назарға алынды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, заңсыз жолаушылар тасымалына тосқауыл қою және қоғамдық көліктердегі қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.
Мұндай профилактикалық шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1169458?lang=kk

Жауап қалдыру