Қостанайда заманауи спорт кешені тұрғындарға кең мүмкіндік ұсынуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Қостанай қаласының Юбилейный шағын ауданындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне арнайы бару ұйымдастырылды. 2024 жылы жүзеге асырылған жоба заманауи талаптарға сай салынған және жан-жақты ойластырылған инфрақұрылымымен ерекшеленеді. Ғимаратпен қатар жүгіру жолдары мен жарықтандырылған саябақ аймағы қарастырылып, спорт пен белсенді демалысқа арналған толыққанды кеңістік қалыптастырылған.

Кешен базасында екі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді. Мұнда баскетбол, гандбол, волейбол және ауыр атлетика секциялары ұйымдастырылған. Сонымен қатар, дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде облыстық және республикалық деңгейдегі жарыстар тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Аталған нысан қалалық әкімдіктің балансында. Бұл оның қолжетімділігін қамтамасыз етіп, қала тұрғындарына спортпен тегін шұғылдануға мүмкіндік береді. Кешен барлық санаттағы азаматтарға — балаларға, ересектерге, зейнеткерлерге және мүмкіндігі шектеулі жандарға ашық. Олардың әрқайсысы үшін қажетті жағдайлар жасалған. Күн сайын кешенге 300-ден астам адам келеді.

Дене шынықтыру-сауықтыру кешені Береке, Алтын арман, Юбилейный және Қостанай-2 шағын аудандары тұрғындарының тартымдылық орталығына айналып отыр. Негізгі мақсат — Қостанай тұрғындары үшін бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға қолжетімді жағдай жасау.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1169436?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді