ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 24 ақпанда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2025 жылғы жұмыс қорытындылары және 2026 жылға арналған әлеуметтік-еңбек саласындағы міндеттер бойынша кеңейтілген алқа отырысы өтті.

Коллегия ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен өтті. Жиынға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев, Парламент депутаттары, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне бағынысты ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ әлеуметтік серіктестер қатысты.

Ведомство басшысы Асқарбек Ертаев бүгінгі таңда Министрлік жұмысының бас стратегиялық басымдығы халықты өнімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және азаматтардың экономикалық белсенділігін ынталандыру болып табылатынын атап өтті. Жұмыспен қамту мәселелерімен қатар, мемлекет азаматтар алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелерін уақтылы және толық көлемде орындайды.

Өздерінің салалық бағыттары бойынша егжей-тегжейлі баяндамалармен: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ президенті Ерасыл Жұманбаев, Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің төрағасы Мейрамбек Ахметов және «МӘСҚ» АҚ президенті Алмас Құрманов сөз сөйледі.

Түстен кейін Алқа жұмысы аумақтық департаменттер, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, сондай-ақ «МӘСҚ» АҚ филиалдары басшыларының қатысуымен бейінді панельдік сессиялар форматында жалғасты. Қатысушылар Инклюзивті саясат тұжырымдамасын іс жүзінде іске асыру, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелерін талқылады. Сессиялар барысында сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл шараларына, сондай-ақ әлеуметтік алаяқтық пен жергілікті жерлерде төлемдерді негізсіз алу фактілерін анықтау және олардың қатаң жолын кесу бойынша жүйелі жұмысқа ерекше назар аударылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhambyl/press/news/details/1168668?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді