Алғыс айту күні қарсаңында Тараз қаласы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушыларына кішкентай қонақтар арнайы келіп, өздерінің алғыстарын білдірді. Қаладағы №19 бөбекжай бақшасының тәрбиеленуші балалары құтқарушыларға өлең мен жыр оқып, тақпақтарын арнады. Құтқарушылар да арнайы уақыт бөліп келген кішкентай бөбектерге алғыстарын білдіріп, өрт сөндіру автокөлігінің фонына естелікке суретке түсті.
Жауап қалдыру