Сапалы теңдестірілген тамақтану – оқушылар денсаулығының негізі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау мен нығайтудың ең өзекті мәселелерінің бірі оларды сандық және сапалық жағынан физиологиялық және гигиеналық талаптарға жауап беретін дұрыс тамақпен қамтамасыз ету болып табылады.

Балаларды сапалы және теңгерімді мектеп тамағымен қамтамасыз ету мақсатында, білім беру ұйымдарында тамақтану сапасын мониторингтеу жөніндегі комиссиялар құрылды, сонымен қатар тамақтану сапасын мониторингтеу жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық топтар жұмыс істейді.

Соңғы жылдары Жамбыл облысында барлық мектептерде ұйымдастырылған тамақтану бойынша оқушылардың

тамақтану рационы бойынша Бірыңғай стандарттар енгізілді. Оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің болу ұзақтығын, олардың жас санатын ескере отырып, перспективалды екі апталық мәзір әзірленеді. Мәзірді әзірлеу кезінде тамақтану рационына энергетикалық толымдылығы витаминді-минералды кешенмен байытылған тамақ өнімдерін қосу қажеттілігі ескеріледі.

Мектеп асханаларын мониторингілеу барысында тамақтану сапасын мониторингтеу жөніндегі комиссия мынадай мәселелер бойынша мектептің ас блогының мониторингін жүзеге асырады: санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы; ыдыс-аяққа, бөлшектейтін мүкәммалға, жабдық пен жиһазға; ыдыс-аяқты, жабдықты жууға және күтіп-ұстауға; жинау мүкәммалына; қойма үй-жайларына; тамақ өнімдерін қабылдауға; тамақ өнімдерін сақтауға қойылатын талаптарды сақтау, ас мәзіріне; тарату мәзіріне; тыйым салынған өнімдердің болуына жол бермеуге, тәуліктік сынамаларды сақтауға, дайын тағамдардың сапасын және тамақтану нормаларын бақылауға; ас блогы қызметкерлерінің жеке гигиенасына және арнайы киіміне; медициналық тексеруден өтуге; өндірістік бақылауды жүзеге асыруға.

2024 жылы ҚР Бас прокуратурасының тапсырмасы негізінде аумақтық басқармалардың мамандары 146 мектеп асханасының жоспардан тыс тексерулеріне тартылды, 92 мектепті тексеру нәтижелері бойынша анықталған заң бұзушылықтар бойынша 9 миллион теңгеден астам сомаға 57 әкімшілік айыппұл салынды.

Облыстық ведомствоаралық сараптама тобының жұмысының қорытындысы бойынша қала мен аудан мектептерінің ас блоктарында анықталған бұзушылықтар туралы материалдар одан әрі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарына жіберілді. Әкімшілік істерді қарау қорытындысы бойынша жеке кәсіпкерлер мен асхана қызметкерлеріне жалпы сомасы 1 миллион теңгеден астам сомаға 8 айыппұл салынды.

2024 жылдың сәуір айында Департаменттің аумақтық басқармаларының мамандары кеңесші ретінде облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары жүргізетін білім беру және тәрбие объектілерінің мониторингі барысында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мониторингтік топтар анықтаған бұзушылықтар Жамбыл облысы мәслихатының тұрақты комиссиясының отырысында тыңдалды.

Үкіметтің тапсырмасына сәйкес 2024 жылғы қыркүйекте Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының аумақтық білім бөлімдерінің бұйрығымен мектептердің ас блогында ыстық тамақты ұйымдастыру сапасына және санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізу бойынша топтар құрылды. Мониторингпен мектептердің барлық ас блоктары, сондай-ақ Жамбыл облысының 8 мектеп-интернатының ас блоктары қамтылды.

Аумақтық басқармалардың мамандарымен ұйымдастырылған ұжымдарда тамақтандыруды ұйымдастыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар және тамақтан уланудың алдын алу бойынша тамақтандыру қызметтерін көрсететін кәсіпкерлер үшін түсіндіру ақпараттық-ағарту жұмыстары жүргізіледі.

Есепті кезеңде тамақтан уланудың алдын алу және тамақтандыруды ұйымдастыруға қойылатын санитариялық талаптарды зерделеу бойынша ақпараттық-ағарту жұмысы шеңберінде ұйымдасқан ұжымдарда 37 семинар және 5 дөңгелек үстел, 23 кеңес ұйымдастырылды, БАҚ-та 13 мақала жарияланды, 8 тікелей эфир ұйымдастырылды, 110 дәріс және 561 әңгіме оқылды, әлеуметтік желілерде 168 пресс-релиз орналастырылды. 196 парақша таратылды, 6 брифинг ұйымдастырылды, 6 акция, 58 күн ашық есік өткізілді. «Атамекен» облыстық кәсіпкерлер палатасының базасында тамақтану қызметтерін жеткізушілер мен білім беру және денсаулық сақтау объектілерінің ас блогы қызметкерлеріне арналған семинар ұйымдастырылды.

Қазақстандық оқушыларды дұрыс тамақтанумен қамтамасыз ету сөзсіз ұлттық басымдылық болып табылады, өйткені тамақтану азаматтардың денсаулық жағдайын анықтайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zhambyl/press/news/details/1169330?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді