САРЫАҒАШ: «АРМАНДАҒЫ – СЫРЛЫ ӘУЕН» ТАҒЗЫМ КЕШІ – РУХАНИ КЕШКЕ АЙНАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Сарыағаш ауданында Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, ауданның Құрметті азаматы Әбіләзім Қалтайұлы Жаншуақовты еске алуға арналған «Армандағы – сырлы әуен» атты тағзым кеші ұйымдастырылды. Тағылымды шараға марқұмның отбасы мен туған-туыстары, әріптестері, зиялы қауым өкілдері, өнер иелері және аудан тұрғындары қатысты.

Кеш барысында саналы ғұмырын мәдениет пен руханият саласына арнаған композитордың шығармашылық мұрасы кеңінен насихатталды. Әбіләзім Қалтайұлының жүрек тербетер әуендеріне жазылған әндер шырқалып, бірқатар туындылары көрермен назарына ұсынылды. Композитор шығармаларын аудан өнерпаздары орындады. Сонымен қатар, өмір жолы мен өнердегі қолтаңбасын танытатын бейнебаяндар көрсетіліп, замандастары мен әріптестері тағылымды естеліктерімен бөлісті. Сахна төрінде орындалған әрбір шығарма композитордың ұлттық өнерге қосқан сүбелі үлесін айқындай түсті.

Айта кетсек, тағзым кеші тағылымы терең, рухани мазмұны бай, көпшілік көңілінен орын алған әсерлі басқосу болды.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1169472?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді