ШЫМКЕНТТЕ 35 ОТБАСЫ ПӘТЕРЛІ БОЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ШЫМКЕНТТЕ 35 ОТБАСЫ ПӘТЕРЛІ БОЛДЫ

🔷 Шымкент қаласында үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету бағдарламасы жалғасуда. Кезекті іс-шара аясында 35 отбасы жалға берілетін пәтер кілттерін алды.

🔷 Кілт табыстау рәсімі «Көрме» орталығының алаңында қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өтті. Мегаполис басшысы жаңа қоныс иелерін құттықтап, тұрғындарды баспанамен қамту жұмысы тұрақты жүргізіліп жатқанын атап өтті.

🔷 Айта кету керек, пәтерлер мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, толық емес отбасыларға, сондай-ақ, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларға берілді.

🔷 Көп қабатты үйлер Асар-2 шағынауданында орналасқан, қажет инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген және қоныстануға толық дайын. Осылайша қалада баспана кезегінде тұрған азаматтарды үймен қамтамасыз ету жалғасуда.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turgyn-ui/press/news/details/1168852?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді