СҚО-дағы «Көктем-2026» РКШО: су тасқынына дайындық!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының алғашқы күні бірқатар практикалық іс-шаралармен басталды.

Оқу-жаттығу аясында Петропавл қаласы мен облыс аудандарында жедел әрекет ету жасақтарының дайындығы тексеріліп, кейіннен алдын алу су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізуге техника жұмылдырылды.

Облыс қалалары мен ауылдарында Департамент қызметкерлері, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, жергілікті атқарушы органдар және еріктілердің қатысуымен көшелерден қарды тазалау және шығару, су өткізу құрылыстарын, арық және дренаж жүйелерін, көктемгі еріген қар суынан су басу қаупі бар жеке тұрғын үй секторларында тазалау жұмыстары жүргізілді. Жалғыз тұратын зейнеткерлердің үйлерінде аулаларды қардан тазалау бойынша акциялар өткізілді. Сонымен қатар халықпен профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, су басудың алдын алу және көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдар туралы жадынамалар таратылды.

2026 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық шеңберінде облыста 37 су тасқынына қарсы іс-шараны қамтитын «Инженерлік жұмыстар жоспары» іске асырылды. Жоспар аясында облыс аумағында 23 шақырымнан астам қорғаныс үйінділері тұрғызылып және нығайтылды, 15 су өткізу құбыры мен тюбинг орнатылды, 14 шақырымнан астам арықтар тереңдетіліп, тазартылды, 2 шақырым шағын өзен арналары тазаланды, сондай-ақ Кіші Тарангүл көлінің жағалауы 1,5 шақырым бойында бекітілді.

Су тасқыны қаупіне жедел ден қою үшін СҚО ТЖД, Ұлттық ұлан, жергілікті атқарушы органдар, Қорғаныс министрлігі және Полиция департаменті қызметкерлерінен құралған 2223 адам және 1428 бірлік техникадан тұратын күштер мен құралдар тобы жасақталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-sko/press/news/details/1169489?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді