Сұрақ-жауап айдары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 99-бабына сәйкес.

Алименттер бойынша берешек мөлшері атқарушылық құжат орындалатын жер бойынша сот орындаушысымен, өндіріп алу жүргізілмеген кезең ішінде борышкер алған нақты жалақысы (табысы) негізінде айқындалады.

Егер борышкер осы кезеңде жұмыс істемеген болса немесе оның жалақысы мен өзге де табысын растайтын құжаттар ұсынылмаған жағдайда, ай сайынғы төлемдер және (немесе) алимент бойынша берешек Қазақстан Республикасындағы орташа айлық жалақы мөлшері негізінде, берешекті өндіріп алу сәтіне қарай айқындалады.

Мүгедектігі бар борышкерлер үшін ай сайынғы төлемдер немесе алимент бойынша берешек олардың ай сайынғы жалақысы мен өзге де табыстарынан айқындалады, ал олар жұмыс істемеген жағдайда — бюджет қаражаты және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры есебінен төленетін ай сайынғы жәрдемақылар мен (немесе) әлеуметтік төлемдерден айқындалады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1168622?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді