
Талас аудандық «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалиция мүшелері Қожағаппар ауылының тұрғындарымен мазмұнды кездесу өткізді.
Кездесуге аудандық коалиция жетекшісі, «AMANAT» партиясы Талас аудандық филиалының төрағасы Д.М. Маселбеков, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Н.М. Айдабосынов, аудандық мәслихат депутаты М.С. Есқараев және қоғамдық кеңес мүшесі Ш.З. Миркурбанова қатысты.
Кездесу барысында коалиция мүшелері Жаңа Конституция жобасының негізгі басымдықтарына кеңінен тоқталып, 15 наурызда өтетін республикалық референдумға белсенді қатысып, азаматтық ұстаным танытуға шақырды.
Ауыл тұрғындары өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, жаңа Ата Заң жобасына қолдау көрсетті.
Жаңа Конституцияда білім мен ғылымды дамытуға, инновацияны қолдауға айрықша мән берілген. Сонымен қатар денсаулық сақтау саласын жетілдіру, азаматтардың сапалы медициналық көмек алу құқығын нығайту, цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жеке деректерді қорғау мәселелері де назардан тыс қалмаған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-talas/press/news/details/1169315?lang=kk

Жауап қалдыру