
2026 жылы 25 ақпан – «Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне» орай Жамбыл облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы бастамасымен «Тұрақты және қауіпсіз болашақ үшін экологиялық тәуекелдерді басқару» ұранымен кеңейтілген жиналыс өткізілді.
Іс-шара барысында облыс аумағында жаппай сейсмикалық жаттығулар өткізу, халықтың төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл алгоритмдерін жетілдіру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту мәселелері қаралды, төтенше жағдайлардың алдын алу мен салдарын азайту әр азаматтың жауапкершілігі екенін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-mobtraining/press/news/details/1169290?lang=kk

Жауап қалдыру