ТҮРКІСТАНДА 2026 ЖЫЛҒЫ ЖОСПАРЛЫ ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан қаласында 2026 жылы жол инфрақұрылымын дамыту және көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттыру мақсатында ауқымды ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды.
Қала әкімдігінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың негізгі мақсаты – тұрғындар мен қала қонақтары үшін қауіпсіз әрі қолайлы қозғалыс ортасын қалыптастыру.
Жөндеу барысында жол жамылғысындағы жарықтар, шұңқырлар мен ойықтар қалпына келтіріліп, асфальт-бетон жабынының сапасы жақсартылады.
Ағымдағы жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіледі. Алдымен қаланың орталық көшелері қамтылады. Сонымен қатар қоғамдық көлік қатынайтын негізгі бағыттарда жол жамылғысын қалпына келтіру жұмыстары жүзеге асырылады. Бұдан кейін секторлар бойынша ішкі көшелерде жөндеу жұмыстары жалғасады.
Жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес атқарылуда. Осыған байланысты уақытша қолайсыздықтар туындауы мүмкін. Қала тұрғындары мен қонақтарынан жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарап, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауларын сұраймыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1168605?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді