Жастар үні – Жаңа Конституция тірегі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл облыстық «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері А.Нұралиев, Ф.Жүнісова, Ж.Аббосов, А.Райқұлов Байзақ ауданы жастарының қатысуымен дөңгелек үстел форматында мазмұнды кездесу өткізді.

Кездесу барысында жаңа Конституцияның ел болашағы үшін стратегиялық маңызы жан-жақты түсіндіріліп, оның әділетті қоғам қалыптастырудағы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтудағы рөлі кеңінен талқыланды. Әсіресе, жастардың мемлекет дамуына қосар үлесі, олардың саяси сауаттылығы мен азаматтық жауапкершілігінің артуы – тұрақты дамудың негізгі кепілі екені атап өтілді.

Облыстық және аудандық коалиция өкілдері алдағы референдум – әр азаматтың тарихи таңдау сәті екенін жеткізіп, жастарды белсенділік танытып, саяси науқанға белсене қатысуға шақырды.

Байзақ ауданының жастары жаңа Конституцияны қолдайтынын жеткізді.
Жастардың саналы таңдауы – жарқын келешектің кепілі!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1169348?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді