2026 жылғы 19 ақпанда Басқарма басшысының орынбасары Мәлік Е. Астана қаласы, Достық көшесі, 5 және 5/1 мекенжайларында орналасқан «Северное Сияние» тұрғын үй кешенінің тұрғындарынан құрылған бастамашыл топты жеке қабылдады.
Қабылдауға сондай-ақ, «Северное Сияние – Нұрлы үй» ҚБ қызмет көрсетуші ұйымының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында көппәтерлі тұрғын үйді басқару нысанын таңдау және құру мәселелері қаралды. Тұрғындарға қолданыстағы заңнама нормалары, сондай-ақ мүлік иелерінің бірлестігін (МИБ) құру тәртібі бойынша түсіндірмелер берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uzh/press/news/details/1170545?lang=kk

Жауап қалдыру