2026 жылғы 25 ақпанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысы Н.А. Сейдалиевтің қатысуымен мемлекеттік қызметшілерге арналған ақпараттық-таныстыру және ағартушылық іс-шара өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 25 ақпанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысы Н.А. Сейдалиевтің қатысуымен мемлекеттік қызметшілерге арналған ақпараттық-таныстыру және ағартушылық іс-шара өтті.

Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілер арасында басқарушылық және қызметтік мәдениетті қалыптастыру, Әдеп Кодексі талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидаттарын нығайту мәселелері кеңінен талқыланды. Сондай-ақ қызметтік этиканы сақтау, отбасылық құндылықтар мен ұлттық салт-дәстүрлерді құрметтеу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараға Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы облысы департаментінің басшысы А.Н. Жаманбалина және департамент қызметкерлері қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-almaty-oblast/press/news/details/1169976?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді