
«Біздің үй» тұрғын үй кооперативінің басшылығына шағым түсірілді.
Бөлім басшысы жергілікті полиция инспекторымен бірлесіп көрсетілген мекенжай бойынша тексеру жүргізді. Тексеру барысында ғимараттың жертөлесі тексерілді.
Жертөледегі терезелер ашық болғандықтан, ауа температурасы нөлден төмен түсіп, жылыту және сумен жабдықтау құбырларының қатып қалуына әкеп соққаны анықталды.
Тұрғын үй кооперативінің қызметкерлері бұрын терезелер мен желдеткіш сорғыштарды оқшаулағанын түсіндірді. Дегенмен, қызметкерлердің айтуынша, ғимарат тұрғыны оқшаулағышты өз бетінше алып тастап, терезелерді ашып жатыр.
Сонымен қатар, тұрғын үй кооперативіне анықталған бұзушылықтарды жою туралы бұйрық шығарылады, оның ішінде:
• жертөлені қоқыстардан тазарту;
• сенбілік күнін ұйымдастыру және өткізу;
• инженерлік желілердің қатып қалуының алдын алу шараларын қабылдау.
❗️Ескертеміз, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, басқару органының жұмысы қанағаттанарлықсыз болған жағдайда, пәтер иелері жалпы жиналыста төрағаны ауыстыру немесе ғимаратты басқарудың басқа түрін таңдау туралы шешім қабылдауға құқылы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kokshe-inspekcia/press/news/details/1170517?lang=kk

Жауап қалдыру