Цифрлық қауіпсіздік — басым бағыт: Жетісу облысының полициясы киберқылмыстың алдын алуды күшейтуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жетісу облысы Полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Qazaq Gaz Aimaq» АҚ қызметкерлеріне арналған кешенді профилактикалық және превентивтік іс-шаралар өткізді. Негізгі мақсат — интернет-алаяқтықтың алдын алу және қызметкерлердің цифрлық сауаттылығын арттыру.

Кездесу барысында полицейлер QR-код арқылы қолжетімді тақырыптық бейнематериалдарды көрсетті, ескерту сипатындағы брошюралар мен жадынамалар таратты. Сондай-ақ оқытушылар мен персоналға онлайн-алаяқтықтың кең таралған тәсілдері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жаңа алаяқтық түрлеріне ерекше назар аударылды: фишингтік сілтемелер, «банк қауіпсіздік қызметінен» жасалатын жалған қоңыраулар, жалған инвестициялық жобалар және мессенджерлер арқылы жүзеге асырылатын алаяқтық схемалар. Қосымша ретінде филиалдың барлық жұмыс топтарына WhatsApp мессенджері арқылы интернет-қылмыстарға қарсы іс-қимыл жөніндегі бейне және фотоматериалдар жолданды.

Профилактикалық іс-шараларға 60-тан астам қызметкер қатысты. Сонымен қатар Zoom бейнеконференция байланысы арқылы шалғай өңірлердегі қызметкерлер қосылып, оларға да заманауи алаяқтардың айла-тәсілдері мен интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық алгоритмдері жан-жақты түсіндірілді.

«Бүгінде киберқылмыс қарқынды дамып келеді, сондықтан біздің міндетіміз — алдын ала әрекет ету. Ескертілген адам — қорғалған адам. Азаматтар мен еңбек ұжымдарының цифрлық сауаттылығы неғұрлым жоғары болса, алаяқтардың мүмкіндігі соғұрлым азаяды», — деп атап өтті басқарма өкілдері.

Қосымша профилактика аясында интернет-алаяқтық пен ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы жасалатын қылмыстардың тәуекелдері туралы ескерту парақшалары мекемелер мен ғимараттарда орналастырылды.

Жүргізіліп жатқан жұмыс жүйелі сипатқа ие және Жетісу облысы тұрғындары арасында цифрлық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

#законипорядок #заңментәртіп

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1170476?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді