Достық және Ертіс ауылдық округітерінің әкімшілік және ветеринария саласының мамандары Шақаман жалпы орта білім беретін мектебінің ұжымымен «Төрт түлік» мобильдік қосымшасы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кездесу барысында мобильдік қосымшаның негізгі мақсаты мен міндеттері, ауыл шаруашылығы жануарларын тіркеу тәртібі, деректерді енгізу және жаңарту жолдары, сондай-ақ қосымшаны тиімді пайдалану тәсілдері туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар цифрлық жүйенің ветеринариялық бақылауды күшейтуге, мал басын есепке алуды нақтылауға және мемлекеттік қызметтердің ашықтығын қамтамасыз етуге ықпал ететіні атап өтілді.

Іс-шара барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар беріліп, практикалық түсіндірмелер жасалды. Түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhanasemey/press/news/details/1169840?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді