Есет батыр ауылының тұрғындарына ақпараттық – түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 26 ақпан күні Есет батыр ауылының тұрғындарына Алға аудандық дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығының басшысы Баетова Гүлзат Ідірісқызы және теолог маманы Садық Аманбек Сағадатұлы ақпараттық – түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс – шараның мақсаты – жат діни ағымдардың алдын алу, тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру және қоғамдағы тұрақтылықты нығайту.
Кездесу барысында қатысушыларға деструктивті діни ағымдардыңи белгілері мен қауіптері, діни ақпаратты әлеуметтік желілерден алудың зардаптары, сондай-ақ отбасы құндылықтарын сақтау мәселелері туралы кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара соңында тақырыпқа сәйкес ақпараттық бүктемелер таратылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-beskospa/press/news/details/1170105?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді