Хабарлама «Референдум учаскелік комиссияларының жұмыс тәртібі туралы»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумды дайындау және өткізу үшін 23 ақпаннан бастап Жаңаарқа ауданы бойынша 26 учаскелік референдум комиссиясы жұмысын бастады.

27 ақпаннан бастап референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізіміне өзіңіздің қатысуыңызды учаскеде тексеруге болады. Азаматтар тізімге тұрақты тіркелген мекенжайы бойынша енгізіледі.

Учаскелер шекарасы, комиссия құрамдары және олардың орналасқан жерлері 2026 жылғы 21 ақпандағы №7 «Жаңаарқа» аудандық газетінде және аудан әкімдігінің ресми сайтындағы «Сайлау» бөлімінде, «Референдум-2026» бөлімшесінде  жарияланған.

Жаңаарқа ауданының аумақтық референдум комиссиясы учаскелік комиссиялар үшін келесі жұмыс тәртібін белгіледі:

  • Дүйсенбі–жұма күндері сағат 9:00-ден 19:00-ге дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін)
  • Демалыс және мереке күндері – сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін (үзіліссіз)

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-zhanarka/press/news/details/1170286?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді