“Көктем-2026”: Павлодар өңіріндегі үйлесімді іс – қимылдар мен жедел көмек

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Павлодар облысында көктемгі су тасқыны қаупі кезінде іс-қимылдарды пысықтауға бағытталған “Көктем-2026” командалық-штабтық оқу-жаттығуы жалғасуда.

Жедел штаб бөлімшелердің нақты өзара іс-қимылын және уақтылы шешім қабылдауды қамтамасыз ете отырып, барлық қызметтерді үйлестірді.

 Осы сағаттарда инженерлік техниканы теміржол платформаларына белсенді тиеу жүріп жатыр-арнайы машиналар елді мекендерді су басу тіркелген өңірлерге жіберіледі.  Авариялық-құтқару жұмыстары, оның ішінде мұз астына түскен адамды құтқару жұмыстары жүргізілуде. Барлық жоспарланған іс-шаралар қатаң бекітілген жоспар бойынша жүзеге асырылып жатыр. Оқу-жаттығу қызметтердің көктемгі су тасқыны кезеңінде жедел ден қоюға және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайындығын көрсетеді.

          Оқу-жаттығу барысында 65 практикалық іс-шара жоспарланды. 

(су өткізгіш құбырларды тазалау, су бұру арналарын жайластыру, эвакуациялық пункттерді тексеру, инженерлік техниканы жөнелту, халықты эвакуациялау).

Ықтимал су тасқынына ден қою үшін күштер тобы құрылды. Барлығы 1 871 адам, 975 бірлік техника және 21 жүзу құралы жұмылдырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-pavlodar/press/news/details/1170571?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді