
Міне, қыс мезгілі де аяқталуға жақын. Әлі де жылтыраған аппақ қар жатса, аяз бетті қарып тұрса да, бірақ ауада көктемнің лебі сезіледі.
Аязды күн тек жұмыс сапарына ғана емес, Москворецк ауылдық округінің тұрғындарымен ашық әрі шынайы әңгіме өткізуге де тамаша мүмкіндік болды. Аудандық мәслихат төрағасы А.С.Асанова «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Р.Е. Тлеуппен бірге жергілікті мектеп ұжымымен кездесіп, 15 наурызда өтетін республикалық референдумға шығарылатын жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады.
Кездесу шынайы әрі жылы жағдайда өтті — артық ресмиліксіз, бірақ ең маңызды мәселелер төңірегінде. Ең бастысы — бейжайлықтың жоқтығы сезілді. Ұстаздар ұсынылып отырған өзгерістер әділеттілікті нығайтуға, қоғам мен билік арасындағы диалогты дамытуға, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталғанын атап өтті.
Алда — көктем. Демек, алда жаңару, жаңа мүмкіндіктер мен игі өзгерістер бар.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/timiryazmaslihat-sko/press/news/details/1170533?lang=kk

Жауап қалдыру