
Округ әкімі аппаратының бас маман, заңгері Қ.Тастанбекова және жергілікті полиция инспекторымен бірлесіп Б.Момышұлы атындағы орта мектебінің оқушыларына жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және балалардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында кең көлемді түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында жолда жүру ережелерін қатаң сақтау, жаяу жүргіншілер өткелінен дұрыс өту, бағдаршам белгілеріне бағыну, велосипед пен электр самокаттарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары, сондай-ақ автокөлікте қауіпсіздік белдігін тағудың маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар, жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері мен олардың салдары туралы ақпарат беріліп, нақты мысалдар арқылы сақтық шараларын ұстанудың қажеттілігі айтылды.
Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, жол қозғалысы мәдениетін қалыптастыру және балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-dostyk/press/news/details/1170480?lang=kk

Жауап қалдыру