“Нипах Вирусы” бойынша семинар өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 23 ақпанда Қазақстан Республикасының аумағында карантиндік және аса қауіпті инфекциялардың әкелінуі мен таралуының алдын алу мақсатында Астана қаласының санитариялық-карантиндік бақылау бөлімінің Түркістан бағыты бойынша мамандары «Түркістан халықаралық әуежайы» АҚ қызметкерлері арасында «Нипах вирусы: эпидемиологиясы, клиникасы және алдын алу шаралары» тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында қатысушыларға Нипах вирусының инфекция көзі, берілу жолдары, негізгі белгілері, клиникалық көріністері және алдын алу шаралары түсіндірілді. Барлық қатысушыларға ақпараттық жадынамалар таратылды. Іс-шара барысында мамандар қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап беріп, тиісті түсіндірмелер берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1170230?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді