
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Ресей Федерациясының Орынбор облысының губернаторы Евгений Солнцевті қабылдады. Кездесу барысында сауда, өнеркәсіптік кооперация, көлік-логистикалық инфрақұрылым саласындағы өңіраралық өзара іс-қимылдың, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытудың өзекті мәселелері қаралды.
Қазақстан-Ресей қатынастарын дамытудың негізгі факторларының бірі ретінде шекара маңы ынтымақтастығының рөлі атап өтілді. Орынбор облысы – Қазақстанның маңызды серіктесі және елеулі көлік-логистикалық торабы. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан өңірлерінің Орынбор облысымен тауар айналымы 2024 жылмен салыстырғанда 11,2%-ға ұлғайып, $627 млн-ды құрады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazan/press/news/details/1170504?lang=kk

Жауап қалдыру