Онлайн-семинар: ЕАЭО кедендік шекарасында тауарларға санитариялық-эпидемиологиялық бақылау

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының аумағын санитариялық қорғау және Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру – Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің негізгі функцияларының бірі. Осы міндеттерді іске асыру шеңберінде 2026 жылғы 23 ақпанда Департаменттің санитариялық-карантиндік пункттерінің мамандары үшін «ЕАЭО кедендік шекарасында бақылаудағы тауарларға мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау жүргізу тәртібі» тақырыбында онлайн-семинар өткізілді. Семинарға ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы презентациялық материалдармен қатысты. Іс-шара барысында санитариялық-карантиндік бақылаудың өзекті мәселелері, мемлекеттік тіркеуге жататын өнімді тексерудің ерекшеліктері қаралды. Барлық қатысушыларға жадынамалар таратылып, қойылған сұрақтарға толық жауап берілді. Мұндай іс-шаралар мамандардың кәсіби деңгейін арттыруға, практикалық дағдыларын нығайтуға және Қазақстан Республикасының аумағында жүктерді тиімді бақылауға дайындығын қамтамасыз етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1170352?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді