Профилактика бақылауда: Жетісу облысында мобильді топтардың жұмысы үйлестірілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жетісу облысы Полиция департаментінің Үйлестіру және профилактикалық жұмыс басқармасы қызметкерлері Жетісу облысы Полиция департаменті Алакөл ауданы полиция бөлімінің профилактикалық кабинеттері мен мобильді топтарының қызметін зерделеп, жергілікті жерде практикалық әрі әдістемелік көмек көрсетті.

Жұмыс сапары барысында профилактикалық қызметті ұйымдастыру, құжаттамалық сүйемелдеу, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау органдарымен өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды. Мамандар мобильді топтардың әрекет ету алгоритмдерін жан-жақты талдап, тәуекел тобына жататын азаматтармен жүргізілетін мекенжайлық жұмыстың тиімділігін бағалады.

Тексеру қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктер сол жерде жойылды. Қызметкерлерге мобильді топтардың жұмысын жетілдіру, ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту және профилактикалық шаралардың нақтылығын арттыру жөнінде нақты ұсынымдар берілді.

«Құқық бұзушылықтардың алдын алу – біздің жұмысымыздың басым бағыты. Тек жасалған құқық бұзушылықтарға әрекет ету жеткіліксіз, ықтимал тәуекелдердің алдын алу да жүйелі түрде жүргізілуі қажет. Тиімділік – ведомствоаралық үйлесімді іс-қимыл мен жергілікті жерлерде тұрақты әдістемелік сүйемелдеу арқылы қамтамасыз етіледі», – деп атап өтті департаментте.

Жүргізіліп жатқан жұмыс өңірдегі профилактика сапасын арттыруға, қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға және құқық бұзушылықтардың алдын алудың тұрақты жүйесін қалыптастыруға бағытталған.

#законипорядок #заңментәртіп

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1170493?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді