Қазақстан мен Грузия денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда  

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Грузияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Леван Диасамидземен кездесу өткізді.  

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйін талқылап, ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтудың перспективалы бағыттарын айқындады.  

Келіссөздер шеңберінде бұл кездесу Грузияның дипломатиялық миссиясының басшысы 2025 жылғы маусымда тағайындалғаннан бергі Министрлік басшылығы деңгейіндегі алғашқы ресми кездесу екені атап өтілді. Қазақстан тарапы медицина саласындағы қатынастарға жаңа серпін берудің және оларды сапалы жаңа деңгейге көтерудің маңыздылығын атап өтті.  

Диалог барысында медициналық сақтандыру жүйелерін жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Тараптар заманауи сақтандыру тетіктерін енгізу, қызмет көрсету жүйесіне жеке сектордың қатысуын кеңейту және медициналық ұйымдарды басқарудың тиімділігін арттыру бойынша тәжірибе алмасуға өзара қызығушылық танытты.  

Денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғырту бойынша бірлескен шешімдер әзірлеу мақсатында тұрақты консультациялық үдеріс пен сараптамалық бағалар алмасуын жолға қою ұсынылды.  

Сондай-ақ ынтымақтастықтың басым бағыттары ретінде медициналық туризмді, фармацевтикалық өнеркәсіпті, кадрлық әлеуетті дамыту және цифрландыру мәселелері белгіленді.  

Халықаралық аккредитациядан өткен жетекші қазақстандық клиникалардың шетел азаматтарына медициналық көмектің кең спектрі бойынша жоғары технологиялық қызмет көрсетуге дайын екені атап өтілді.  

Тараптар дәрілік қамтамасыз ету саласында тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін, сондай-ақ медициналық бұйымдар мен жабдықтарды жеткізу бағытындағы өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады.  

Мамандардың біліктілігін арттыру және бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру мақсатында бейінді білім беру және ғылыми ұйымдар арасындағы байланыстарды нығайтуға қызығушылық білдірілді.  

Заманауи АТ-шешімдерді, электрондық денсаулық сақтау мен телемедицинаны енгізу мәселелеріндегі өзара іс-қимылдың маңыздылығы ерекше атап өтілді.  

Қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруды бақылау және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін бірлескен жұмыс тобын құру мәселесін қарастыру ұсынылды.  

Кездесу қорытындысында тараптар әріптестік қағидаттарына адалдығын растап, екі елдің мүддесі үшін одан әрі ынтымақтастықтың жемісті дамитынына сенім білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/1170558?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді