
Іс-шараның спикері — филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының сарапшы-тренері, Басқару институтының штаттан тыс доценті Алтын Бакытжанова болды.
Дәріс барысында мемлекеттік қызмет жүйесіндегі кәсіби коммуникацияның негізгі аспектілері, іскерлік әдеп мәселелері, қызметтік өзара іс-қимылдың тиімділігі, сондай-ақ цифрлық ортадағы ауызша және жазбаша коммуникация ерекшеліктері қарастырылды.
Қатысушылар сындарлы диалог құру, қызметтік хат алмасу сапасын арттыру және корпоративтік мәдениетті нығайту бойынша практикалық ұсыныстар алды.
Осындай оқыту іс-шараларын өткізу қызметкерлердің кәсіби құзыреттерін дамытуға және Министрліктің қызмет тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/1169981?lang=kk

Жауап қалдыру